Петропавлдық азамат 4 жылдан бері балабақшада тәрбиеші боп қызмет етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық азамат 4 жылдан бері балабақшада тәрбиеші боп қызмет етеді

Петропавлдық азамат 4 жылдан бері балабақшада тәрбиеші боп қызмет етеді

Жігітке жеті өнер де аз! Петропавлдық Ерболат Жантасов төрт жылдан бері балабақшада тәрбиеші боп қызмет етеді. Алғашында ер кісіге балаларын сеніп тапсырудан жасқанған ата-аналар қазір оның еңбегіне риза. Ал психологтардың айтуынша, балабақшада еркек тәрбиешінің болуы, әсіресе, жалғызбасты аналардың ұлдары үшін өте маңызды екен. Сондықтан  балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған аналар өз сәбилерін Ерболаттың тобына беруге тілек білдіретін көрінеді.  

  • 2 Қараша 2012
  • 527
Фото - Caravan.kz

Ерболат Жантасов мамандығы бойынша қазақ тілінің мұғалімі. Бірақ ұстаздықтан гөрі, балалардың мектепке дейінгі тәрбиесімен айналысуды жаны қалаған. Балабақшада жұмыс істегеніне биыл 4-ші жыл. Бастапқыда бір топ бүлдіршінді бағып жүрген жігітке сұқтана қарапты ел.  

Ерболат Жантасов, балабақша тәрбиешісі: 

— Жаңа орналасқан кезім, балалармен далада қыдырып жүргенбіз серуендеп.  Бір кезде бір ата ана келіп тұр, «бұл не деген сұмдық, тәрбиеші қайда кетіп қойған деп», «мен тәрбиешімін» дедім. Ана–ата өте таң қалған.

Алғашында, әсіресе, қыздардың аналары балаларын оның тобына беруден жасқаныпты. Ал қазір Ерболат ата-аналар арасында абыройға ие.

Тамаша Досағанова:


— Ата- аналар да ер адамды көргенде қорқыныш сезім келеді. Ол бірақ басылды. Ерболат Серікұлынының балалармен қарым қатынасы балалармен жұмыс істегенін көргесін сенімсіздік тарады.

Мамандардың айтуынша, ер адам табиғатынан бала мінезді. Сондықтан ойында сәбилерге жақсы серіктес бола алады екен. Әрі әкесі жоқ еркек кіндікті балалардың тәрбиесіне ықпалы бар. 

Еліміздегі балабақшаларда, өкінішке орай, еркек тәрбиешілер саусақпен санарлық. Өйткені айналдырған отыз мың теңге жалақы отбасын асырамақ түгілі, бойдақ жігітке жете қоймайды бүгінде. Ал біздің кейіпкеріміз -Ерболат жуырда ғана үйленген. Әзірге әке атанбапты. Сондықтан жанының бар жылуын өз тобындағы балаларға береді екен.

Соңғы жаңалықтар