Петропавлдық полицейлер ерекше флешмоб ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық полицейлер ерекше флешмоб ұйымдастырды

Петропавлдық полицейлер ерекше флешмоб ұйымдастырды

Петропавлдық полицейлер ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ерекше флешмоб ұйымдастырды.

  • 8 Желтоқсан 2016
  • 787
Фото - Caravan.kz

Жол сақшылары қас қарая қызметтік көліктерінің шамын жағып, сол арқылы ашық аспан астында 25 санын бейнеледі. Сонымен қатар құқық қорғау қызметіндегі Тәуелсіздіктің құрдастары қолдарына Қазақстанның туы түстес шарлар алып, бір уақытта көкке ұшырды. Бүгінде облыстық Ішкі істер департаментінде еліміз азаттық алған жылы дүние есігін ашқан 80-нен астам адам еңбек етеді.

— Мен еліміз тәуелсіздік алған жылы дүниеге келдім. Осы елімізбен бірге есейіп, осы күнге дейін ер жетіп жатырмын. Осындай мерекеге өз үлесімізді қосып жатырмыз. ҚР азаматтарының тыныштығын сақтап, олардың құқықтары мен бостандығын қорғап, атсалысамыз, дейді қалалық ІІБ учаскелік инспекторы.


 

Соңғы жаңалықтар