Петропавловскіде тасқынды қарсы алуға қамдануда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловскіде тасқынды қарсы алуға қамдануда

Петропавловскіде тасқынды қарсы алуға қамдануда

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскіде үлкен тасқынды қарсы алуға қамдануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімшілікке сілтеме жасап.

  • 19 Наурыз 2008
  • 340
Фото - Caravan.kz

2007 жылы «Петропавл Су»АҚ-ына облыстық және қалалық бюджеттерден су жинағыш бөгеттерді нығайтуға шамамен 15 млн теңге бөлінді, бұл бөгеттердің бұзылу мүмкіндігін біршама азайтуға жол ашты. Тасқын маусымында су басу қаупін азайту үшін «Петропавл Су» АҚ кешенді шараларды алды.

Қалалық әкімшіліктің хабарлауынша, «Петропавл Су»АҚ биылғы көктемгі тасқынға дайындық жұмыстарын аяқтап келеді. Бүгінгі күні сумен қамтамасыз ету жоспары жасалып, Петропавловск қаласындағы кәріз жүйелері мен су құбыры желілерінің үздіксіз жұмысы жолға қойылған. 3,5 млн теңгеден астам қаржыға 140 тонна коагулянт сатып алу жоспарланып отыр .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті