Жарияланды: 220

Пойызда жарты миллион теңгені ұрлаған жолаушы ұсталды

Пойызда жарты миллион теңгені ұрлаған жолаушы ұсталды

Күдікті өз айыбын толықтай мойындап отыр.

Көлік полициясының қызметкерлері «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызында жарты миллион теңгені ұрлады деген 40 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайдыZakon.kz көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызында ұрлық жасаған Қарағанды облысының 1978 жылғы тұрғыны анықталып, күдікті дереу ұсталған.

«Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальонының қызметкерлеріне 37 жастағы азамат хабарласып, оның сыртқы киімінің қалтасынан белгісіз біреу 480 мың теңгесін ұрлап кеткендігі туралы шағымданған», делінген хабарламада.

Заттай айғақ ретінде ақша тәркіленген. Күдікті өз айыбын толықтай мойындап отыр.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін