Полицейге 2 мың теңге пара ұсынған ақтөбелік 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейге 2 мың теңге пара ұсынған ақтөбелік 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

Полицейге 2 мың теңге пара ұсынған ақтөбелік 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

Ақтөбелік қауіпсіздік белбеуін тақпай, жол ережесін бұзғаны үшін 2 мың теңге пара бермек болды.

  • 24 Қыркүйек 2018
  • 33
Фото - Caravan.kz

Енді ол 481 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақтөбе қаласындағы Есет батыр мен Тілеу батыр көшелерінің қиылысында жол полициясы қауіпсіздік белбеуін тақпаған жүргізушіні тоқтатады. Әкімшілік жауапкершіліктен оңай құтылып кетпек болған жүргізуші жол полицейіне 2 мың теңге ұсынды. «Ақша ұсынған ақтөбеліктің іс-әрекеті бейнетіркеуге түсіп қалған. Нәтижесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 676-бабы бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жолдады. Іс Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Енді жол ережесін бұзған ақтөбелік 481 мың теңге айыппұл төлейді»,- деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің баспасөз қызметі.



 

Соңғы жаңалықтар