Жарияланды: 690

Полицейлер несиені онлайн рәсімдейтіндерге ескерту жасады

Полицейлер несиені онлайн рәсімдейтіндерге ескерту жасады

Қостанай облысының полиция департаменті тұрғындарды интернет-алаяқтардан абай болуға шақырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысы криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Олжас Мағыпаровтың айтуынша, 2020 жылы интернет-алаяқтықтың 798 фактісі тергелді. Қылмыстың ең көп таралған түрі – онлайн несие беру. Бұл жағдайда алаяқтар жалған жолмен азаматтардың дербес деректерін алады немесе онлайн-қарыздарды рәсімдеу үшін жоғалған құжаттарды пайдаланады. Өткен жылы мұндай 200-ден астам іс ашылды.

«Адамдар алдын ала төлемді банктік шотқа немесе виртуалды KIWI әмиянға аударады. Мұның жалған тауарларды сатып алу екенін біле бермейді. Пандемия кезінде адамдар электронды әмияндарды, «интернет-банкингті» жиі қолдана бастады. Алаяқтар уақыт өткен сайын жаңа айла-тәсілдерді ойлап табуда», — дейді полиция қызметкері.

Облыстық полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болмаудың жолын айтты:

- банк картасының фотосын бейтаныс адамдарға жібермеңіз;

-сіздің абоненттік нөміріңізге келіп түскен смс-кодты үшінші тұлғаға айтпаңыз (осылайша сіз толық қолжетімділікті ұсынасыз)

- тауарды кімнің сататынына көз жеткізбей, кепілзат қоймаңыз(видео қоңырау көмектеседі)

- жеке құжаттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз (алаяқтар сіздің жеке деректеріңізді иемденіп, сіздің атыңыздан алаяқтық әрекеттер жасай алады)

- бейтаныс адамдардың QIWI әмиянына ақшаны тастамаңыз.

Егер сіз осындай құқық бұзушылықтың құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша полицияға хабарласуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін