Полицейлер жазасын өтеп шыққандарға қалай жұмыс табу керектігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлер жазасын өтеп шыққандарға қалай жұмыс табу керектігін айтты

Полицейлер жазасын өтеп шыққандарға қалай жұмыс табу керектігін айтты

СҚО полицейлері мен прокурорлары Петропавл кентінде бас бостандығынынан айыру орнынан шартты түрде босатылғандармен кездесті, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігі.

  • 22 Қазан 2016
  • 709
Фото - Caravan.kz

Мұнда қазір 30-дан астам мерзімінен бұрын шартты босатылғандар тұрады. Кездесуде қылмыстық атқару жүйесінің пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері сөз сөйледі. Олар өздерінің көмегі арқылы қалай жұмыс табуға болатынын айтты. Учаскелік инспекторлармен бірге олар жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа орналастыру мәселесін ерекше бақылауда ұстап отыр.

Виталий Варков бостандыққа осы жылғы шілдеде шықты. Оны үйінде әйелі мен балалары күтіп отырды. Жұмысқа тұрды. Қазақ тілін жақсы біледі. Енді туыстарын үйретуде.

«Туыстарым жұмысқа тұрғаныма қуанды, бәрі ойдағыдай, немерем мені жақсы көреді. Ол алты жыл атасы барын білмеген. Бәрі орнына келіп, қиындықтар артта қалды деп санаймын. Жұмысқа орналасуыма жәрдемдесті», — деді қала тұрғыны.

Петропавл қаласы ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Асан Смағұлов сөзінше, тәртіп сақшылары тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізіп тұрады. Бірлескен рейд соңғы рет өткен сейсенбіде өтті. Фактілер көрсеткендей, жиі кездесетін бұзушылықтар — сотталғандардың сағат 22-ден кейін үйлерінде болмауымен байланысты.


Бұл жазасын өтеп шыққандармен алғашқы кездесу. Таяуда тәртіп сақшылары полицияның барлық аймақтық пунктерінде кездесу ұйымдастыруды жоспарлаап отыр.

null 

null 

null

Соңғы жаңалықтар