Полиция Ақтөбедегі жаппай төбелестің мән-жайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция Ақтөбедегі жаппай төбелестің мән-жайын айтты

Полиция Ақтөбедегі жаппай төбелестің мән-жайын айтты

Бұл оқиғаның видеосы Instagram желісінде "Түлектердің жаппай төбелесі" деген тақырыппен жарияланған еді. Алайда Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті оған мектеп бітірушілердің қатысы барын теріске шығарды.

  • 26 Маусым 2017
  • 269
Фото - Caravan.kz

Ондағылар бір күн бұрын жарияланған видеоға үйлену тойының қонақтары мен караоке клубының өзге келушілері арасындағы төбелес түсіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.

"Аталған төбелестің той аяқталған соң клубтан шыққан жастар тобы мен караоке клубтың өзге келушілері арасында болғаны анықталды. Ақтөбенің ІІБ Заводской ЖБ оқиғаның үш қатысушысы жеткізілді", — деп атап өтті ведомствода. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімінде тіркелді.  

Видео Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында "
Түлектердің жаппай төбелесі
" деген тақырыппен жарияланған. Кадрларда бірнеше жас жігіттің өзара түсінісе алмай жатқаны көрініп тұр.

Соңғы жаңалықтар