Полиция қызметкерлерінің теріс қылығына байланысты түскен шағымдар бойынша мұқият тексеру жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция қызметкерлерінің теріс қылығына байланысты түскен шағымдар бойынша мұқият тексеру жүргізіледі

Полиция қызметкерлерінің теріс қылығына байланысты түскен шағымдар бойынша мұқият тексеру жүргізіледі

Өздерін дөрекі ұстайтын полиция қызметкерлері ішкі істер органы қызметкердерінің ар-ожданына кір келтіреді және осы үшін қатаң жазаланады, дейді ІІМ.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі кезде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу мәселесі өзекті болып отыр. Ішкі істер министрлігі қызметтік бабын асыра пайдалана отырып өздерін дөрекі ұстайтын полиция қызметкерлерін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қоюда», — деп ведомство ішкі істер органдарындағы жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған онлайн-конференциясы барысында мәлімдеді.

Осындай фактілер бойынша мұқият тексеру жүргізіледі. Егер тексеру барысында қызметкерлердің кінәсі анықталса тәртіптік жауапқа тартылады, тіпті қызметтен де босатылуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлері тарапынан жол ережесінің бұзылатынын мойындайды. Бірақ біз бұл құбылыспен күресіп жатырмыз деп сендірді.

Ведомство өкілдері бейсенбі күні ішкі істер органдарындағы жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған онлайн-конференцияда: «Шынымен де полиция қызметкерлері тарапынан жол ережесін бұзу фактілері бар», — деп мәлімдеді.


Олардың айтуынша, ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері күн сайын полицейлер тарапынан орын алған заң бұзушылықтарды, соның ішінде жол ережесін бұзу фактілерін анықтау бағытында жұмыс жүргізеді.

«Жол ережесін бұзу фактілері бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, полицейлер мен олардың басшылары қатаң тәртіптік жазаға тартылады. Кейде олар қызметтен қуылады», — дейді мемлекеттік орган өкілдері.