Коморовский 11 қыркүйекте Брюссельде 30 тамызда ЕО саммитінде Еурокеңес төрағасы болып сайланған премьер Дональд Тускінің отставкасын қабылдаған болатын. Туск өзінің жаңа міндеттерін атқаруға осы жылғы 1 желтоқсанда кіріседі.
Президент болашақ премьер-министрмен 12 қыркүйекте өзінің Варшавадағы Бельведердегі ресми резиденциясында кездесті.
«Президент Бронислав Комаровскийдің премьер қызметіне коалиция кандидаты Эва Копачпен кездесуі дүйсенбі күні жалғасады. Дүйсенбіде Польша Президенті оған жаңа үкіметті жасақтауды тапсырады. Жаңа үкіметті тағайындау 22 қыркүйекте болады», — деді Тшаска-Вечорек.
Бұдан бұрын Копач 26 қыркүйекте Сеймде жаңа үкіметтің бағдарламалық мәлімдемесімен сөз сөйлеп, парламентшілерден сенім білдіруді сұрайтынын мәлім еткен болаын.
Эва Копач 1956 жылы 3 желтоқсанда Польшаның Скарышев қаласында туған. Мамандығы дәрігер. IV, V, VI және VII шақырылған Польша Сеймінің депутаты. 2007-2011 жылдары Польшаның денсаулық сақтау министрі. 2011 жылдан — Польша Сеймінің спикері. 2001 жылдан «Азаматтық тұғырнамада», 2013 жылғы 14 желтоқсанда билеуші партия төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.