«Польшада қазір мыңдаған мемлекеттік және жойылу сатысындағы 400 кәсіпорын бар. Бұл жекешелендіру үшін аса ірі әлеует, сол себепті біз Қазақстан капиталын шақырамыз»,- деді Л.Качиньский.
Оның айтуынша, «Польша қаржыны жаңа технологиялармен біріктіру мүмкіндігі бар тұстардағы инвестициядан мүдделі». «Польшада ақпараттандыру саласында ауқымды қорлар мен мықты мамандар бар»,- деді ол. «Бізді сонымен бірге өндірістік сипаттағы инвестициялар қызықтырады»,- деді Польша президенті.
Л.Качиньскийдің хабарлауынша, Польша экономикасына салынған отандық және шетелдік инвестициялардың көлемі 10 млрд доллардан асады. «Бірақ 40 млн халқы бар Польша бұдан әлдеқайда ауқымды инвестицияларды қабылдай алады»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті