Польшалық дәрі жасаушылар Қазақстан нарығына қызығушылық танытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польшалық дәрі жасаушылар Қазақстан нарығына қызығушылық танытуда

Польшалық дәрі жасаушылар Қазақстан нарығына қызығушылық танытуда

Варшава. 28-қараша, "Қазақстан Бүгін" - Польшалық дәрі-дәрмек жасаушылар олар үшін Қазақстан нарығының мүмкіндігі жоғары дегенге сенімді. Бұл туралы Варшава қаласында аяқталған Қазақстан Республикасының Варшавадағы елшілігінің және Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен өткен "Қазақстанның медициналық және фармацевтикалық нарығы" атты семинарда Польшаның Денсаулық сақтау министрлігінің және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Польшадағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Қараша 2007
  • 603
Фото - Caravan.kz

Польшаның Денсаулық сақтау министрлігінің және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері «Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығы шетелдік өнім көлемінің сапалы өсуі және жергілікті өндірістің жүйелілігімен ерекшеленеді», — деп атап көрсетті. Польшалық дәрі-дәрмек жасаушылар Қазақстан-Польша бірлескен жобаларын Еуропалық қорлар белсенді қаржыландырса, Қазақстан нарығының олар үшін мүмкіндігі жоғары болатындығына сенімді болып отыр.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, семинарға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек жасау комитетінің төрағасы Батырбек Машкеев, Қазақстан Республикасының Польшадағы елшісі Алексей Волков, Польшаның Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы, Қазақстандағы дәріхана жүйелерінің және польшалық 29 фармацевтикалық компаниялардың иелері, польшалық дәрі-дәрмек өнімдерін экспорттаушылар қауымдастығының мүшелері қатысқан.

Шараға қатысушылар Қазақстанның фармацевтикалық нарығының әлеуеті, денсаулық сақтау жүйесі, дәрі-дәрмек нарығындағы лицензиялау, Қазақстанда дәрі-дәрмек өнімдерін және медициналық құрал-жабдықтарды бірлесіп өндіру мүмкіндіктері туралы танысты.

Келіссөздер нәтижесінде екі елдің министрліктері арасында байланыс орнату туралы келісімге қол жеткізілді. Польшалық тарап Польшаның ғылыми-зерттеу лабораторияларының және дәріхана жүйелерінің негізінде қазақстандық фармацевтерді тәжірибеден өткізу мүмкіндігі туралы меморандумға қол қоюға қызығушылық танытты.

«Чиех АҚ», «Ельфа», «Биотон», «Польфарма», «Группа Пофам» сияқты польшалық жетекші өндіруші компаниялардың өкілдерімен өткен келіссөздерде бірлескен кәсіпорындар құру және оларды польшалық дәрі-дәрмек және медициналық құралдар негізінде Қазақстан нарығына шығару, атап айтқанда, Қазақстан Республикасында бірлескен гомеопатикалық өнім өндіруді, Қазақстанға алдыңғы қатарлы технологияларды, аймақтық логистика, дистрибуция және қайта қаптау орталықтарын әкелуді жолға қою мүмкіндіктері қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2006 жылы Қазақстанға импортталған польшалық дәрі-дәрмек көлемі 40 млн АҚШ долларын құраса, 2007 жылдың алғашқы тоқсанында-ақ 20 млн АҚШ долларына жеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті