Жарияланды: 430

Польшаның бұрынғы президенті Валенса ауруханаға түсіп қалды

Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса Карков медициналық академиясы жанындағы ауруханалардың бірінің гастроэнтерологиялық бөліміне жоғары дене қызуымен түсті, деп бүгін Польшаның ТВН24 телеарнасы мәлімдеді.

Л.Валенсаның достарының бірі телеарна эфиріне қазір дәрігерлік тексеру жүргізіліп жатқаны, әлі диагноз қойылмағанын мәлімдеген. Бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Эвелина Воланьская қазір Л.Валенсаның жағдайы жаман еместігін айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін