Жарияланды: 30

Португалияда коронавирусты жоятын маска жасалды

Португалияда коронавирусты жоятын маска жасалды

Масканың матаға түскен коронавирус инфекциясын 99%-ға бейтараптандыратын белгілі бір инновациялық жабыны бар.

Лиссабон молекулалық медицина институты COVID-19 коронавирусын бейтараптандыруға қабілетті алғашқы қорғаныс маскасын әзірлеп шыққанын жариялады, деп жазады Baq.kz порталы Razón газетіне сілтеме жасап.

Бұл жоғары тиімді көп реттік маска түрлі су өткізбейтін қабаттардан тұратын арнайы матадан жасалған. Жүргізілген сынақтар масканың коронавирустық инфекциядан қорғау кезіндегі тиімділігін растады.

Масканың матаға түскен SARS-CoV-2 вирусын бейтараптандыратын инновациялық жабыны бар. Ол мата 50 рет жуылғаннан кейін де өз қалпында сақталады.

Сынақ барысында зерттеушілер коронавирустың молекулалары бар ерітіндіге масканы салып тәжірибе жасады. Нәтижесінде, бір сағаттан кейін молекулалардың 99%-ы өзіндік қасиеттерін жоғалтқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін