Посткеңестік мемлекеттер дамуының көшпелі кезеңі аяқталды - Д.Назарбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Посткеңестік мемлекеттер дамуының көшпелі кезеңі аяқталды - Д.Назарбаева

Посткеңестік мемлекеттер дамуының көшпелі кезеңі аяқталды - Д.Назарбаева

Посткеңестік мемлекеттер дамуының көшпелі кезеңі аяқталды. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан 12-ші Еуразиялық медиа форум барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, аталған форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева айтты.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Ыдыраған Кеңес одағының орнында пайда болған, яғни, посткеңестік деп аталатын мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының сараптамасы біздің елдеріміздің көшпелі кезеңді аяқтағанын көрсетіп отыр», — деді ол.

Д.Назарбаеваның атап өтуінше, бүгінгі таңда еуразиялық кеңістіктегі елдердің даму қарқынының алуандығы мәселесі өткір көтеріліп отыр. «Ал дамудың синхрондылығы біздің елдеріміз таяу онжылдық ішінде шешуі қажетті маңызды проблемалардың бірі», — деді Мәжіліс вице-спикері.

Сонымен қатар ол өз сөзінде екі күндік форум аясында ұйымдастырылатын отырыстарға жеке-жеке тоқталып, қандай мәселелер көтерілетіндігін тарқата айтып берді.