"Прайм Плаза" аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді тергеу жалғастырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Прайм Плаза" аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді тергеу жалғастырылуда

Алматы полициясы 31-тамыз күні "Прайм Плаза" сауда жасауға және көңіл көтеруге арналған орталықтың аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді тергеуді жалғастырып отыр, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
           "2013 жылы 31-тамыз күні "Прайм Плазада" болған оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша қылмыстық істер қозғалған, 257 баптың 3 тармағы (бұзықтық), 178 баптың 2 тармағы (тонау) және 185 баптың 2 тармағы (көлік ұрлап әкету).
           Бұзушылықтарға қатысқан 10 адам қамауға алынды, қалғандарына қатысты тергеу шаралары жүргізілуде", делінген жұмада таралған ақпаратта.
           "Прайм Плаза" директоры ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхат берген.
           Бұзақылық жасауға белсенді қатысқандар бақылау бейнекамераларының, ұялы телефон түсірімдерінің және куәгерлердің көрсетулерінің арқасында анықталған, делінген ақпаратта.
           Алдында хабарланғандай, 31-тамыз күні "Прайм Плаза" қасында көлік тұрағы орнында қазақстандық әнші Қайрат Нұртасты тыңдауға келгендер бүлік шығарған. Жастар сахнаға, сосын бір-біріне тас пен пластикалық бөтелке лақтырған.
           Қалалық денсаулық сақтау департаментінің деректеріне қарағанда, жалпы алғанда 90 адам зардап шеккен, оның сегізі ауруханаға жатқызылған.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 356
Фото - Caravan.kz