"Прайм Плазадағы" жаппай тәртіпсіздіктің белсенділері ұсталып, арнайы іс-шаралар жүргізілуде (ФОТО, ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Прайм Плазадағы" жаппай тәртіпсіздіктің белсенділері ұсталып, арнайы іс-шаралар  жүргізілуде (ФОТО, ВИДЕО)

"Прайм Плазадағы" жаппай тәртіпсіздіктің белсенділері ұсталып, арнайы іс-шаралар жүргізілуде (ФОТО, ВИДЕО)

Алматы қаласында Сайын мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы "Прайм Плаза" ойын-сауық орталығыныңда  ұйымдастырылған  әнші Қайрат Нұртастың концерті жаппай тәртіпсіздікке ұласып, кем дегенде 13 адам зардап шегіп, 11 автокөлік зақымданды.  

  • 1 Қыркүйек 2013
  • 1330
Фото - Caravan.kz

Концертке келген адамның айтуына қарағанда, көрермендер дуалды сындырып, сахнаға лап қойғандықтан Қайрат концертін тоқтатуға мәжбүр болған. Тәртіпсіздік жасаған жастар музыкалық аппараттарды сындырған. Полиция тәртіпсіздік жасаған жастарды тоқтата алмаған. Тәртіпсіздік кезінде жазаланғандардың арасында полиция мен қала тұрғындары бар.
Твиттер парақшаларындағы куәгерлер оқиғаның себебін әнші Қайрат Нұртастың концерт беруден бас тартуына байланысты дейді. Жоспар бойынша, ойын-сауық кешенінде «Запой по пятницам» атты Қайрат Нұртастың қатысуымен караоке концерті өтуі тиіс болатын.
Оқиғаны BNews.kz тілшісіне Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ермек Болтаев ресми түрде растаған.
«Алматыда қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтіп жатты. Концерт барысында бейтаныс азаматтар шу көтеріп, бүлік шығара бастады. Соның негізінде Алматы қаласының ІІД-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық жағдайды бақылауға алды. Бір сағаттан кейін біз ресми мәлімдеме жасаймыз», — деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ермек Болтаев, деп жазады Bag.kz сайты.

Ал Алматы қаласының ІІД  хабарлауынша, концертке шамамен екі мыңға жуық адам жиналған. Кешкі сағат 21.08-де Орталық оперативтік басқармаға "Прайм Плаза" ОСО жанында жаппай төбелес болып жатыр деген ақпар түскен. Концертті жүргізуші Данияр Батырбаевтың айтуынша, Қайрат Нұртас әнінің жартысын орындап, сахнадан кетіп қалған. Бұл көрермендер тарапынан ашу-ыза тудырып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Төбелес шығарғандар тас пен бөтелкелер лақтыра бастаған.

Оқиға орын алған жерге тәртіп сақшылары, полицейліктер, учаскелік инспекторлар мен ішкі әскерлер жасағы жеткен.  20 минуттың ішінде қосымша: СОБР, "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері келді. Құқық қорғау органының қызметкерлері төбелес шыққан аумақты дереу қоршауға алды. Қазір жаппай тәртіпсіздіктің белсенділері  ұсталып,  төбелестің ұйытқысы болғандарды анықтау мақсатында арнайы іс-шаралар  жүргізілуде, деп хабарлайды Алматы қаласының  ІІД.

ВИДЕО (автор Александр Ведяшев / Youtube)

ФОТОРЕПОРТАЖ