«Прайм-Плаза» СОСО-дағы концерт ұйымдастырушыларына орынның қолайсыздығына байланысты шараны өткізбеу туралы ресми түрде ескерту жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Прайм-Плаза» СОСО-дағы концерт ұйымдастырушыларына орынның қолайсыздығына байланысты шараны өткізбеу туралы ресми түрде ескерту жасалды

«Прайм-Плаза» СОСО-дағы концерт ұйымдастырушыларына орынның қолайсыздығына байланысты шараны өткізбеу туралы ресми түрде ескерту жасалды

«Прайм-Плаза» СОСО-дағы концерт ұйымдастырушыларына орынның қолайсыздығына байланысты шараны өткізбеу туралы ресми түрде ескерту жасалды, деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінен.

  • 1 Қыркүйек 2013
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылдың 29 тамызында концерт ұйымдастырушыларына орынның қолайсыздығына байланысты шараны өткізбеу жөнінде жазбаша ескерту жасалған. Орталық басшылығына концерт өткізуден бас тарту ұсынылды, алайда олар тәртіпті өздері қамтамасыз ететінін мәлімдеді», — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, «Прайм-Плаза» СОСО аумағындағы бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша 165 адам ұсталды. Олар қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты тексеріліп жатыр

ҚР ҚК 257-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ «Прайм- Плаза» СОСО басшылығына қатысты да ҚР ҚК 232-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Қазіргі уақытта Алматы қаласының ІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етуде.