«Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне бюджеттік бағдарламалардың есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырамын», — деп мәлімдеді К. Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында. «Қазіргі жағдаймен бұл мәселе айқындалмай отыр», — деп қосты ол.
К.Мәсімовтың айтуынша, «бұл жұмыстарды 2009-2011-жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыруға қатысты бюджеттік процесс басталмай тұрып аяқтау қажет».
Сонымен бірге үкімет басшысы бюджеттік бағдарламаларды түзетуге қатысты өзгерістерді «тез арада» Бюджеттік кодекске енгізуді тапсырды. » Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне Бюджеттік кодекске осындай жұмыспен үкіметке дербес айналысуға мүмкіндік беретін өзгертулер мен толықтыруларды тез арада енгізуді тапсырамын», — деді К. Мәсімов.
Ол сонымен қатар вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке «ағымдағы жылдың аяғына дейін пилотты мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын олар көрсететін қызметтермен және мақсаттық индикаторларымен байланыстыра түзетуді өз бақылауына алуды тапсырды».