Премьер-министр кәсіпкерлердің проблемаларын шешу тәсілдерін әзірлеуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр кәсіпкерлердің проблемаларын шешу тәсілдерін әзірлеуді тапсырды

Премьер-министр кәсіпкерлердің проблемаларын шешу тәсілдерін әзірлеуді тапсырды

Премьер-министр Серік Ахметов бейсенбі күні Шымкенттегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болды.

  • 1 Қараша 2012
  • 353
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы елдегі екі КҚКО-ның жұмыс тәжірибесін пайдаланып, кәсіпкерлердің проблемаларын шешу тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.

С.Ахметов желтоқсан айында «Алматы мен Шымкенттегі КҚКО-тарының тәжірибесі туралы, кәсіпкерлер жиі кезігетін проблемалар мен олардың қалай, қандай мерзімде шешіліп жатқанын саралап, барлық тәртіптемелерді жеңілдету туралы ұсыныстар» әзірлеуді тапсырды.
Премьер-министр ОҚО-на сапары барысында облыстың 80 жылдық мерейтойына бағышталған іс-шараларға қатысып, Бәйдібек би ескерткішіне ат басын бұрады. Түркістандағы қайта салынған М.Жұмабаев атындағы мектеп, Кентаудағы қайта қалпына келтірілген «Кентау-Сервис» кәсіпорнының ЖЭО және трансформатор цехындағы жаңалықтармен таныспақ.

Соңғы жаңалықтар