Премьер-министр моноқалаларды дамыту үшін келешегі бар инвестициялық жобалар әзірлеуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр моноқалаларды дамыту үшін келешегі бар инвестициялық жобалар әзірлеуді тапсырды

Премьер-министр моноқалаларды дамыту үшін келешегі бар инвестициялық жобалар әзірлеуді тапсырды

Премьер-министр Серік Ахметов моноқалалардың әкімдеріне аталған елді мекендердің экономикасын әртараптандыру бағытында нақты шараларды қолға алуды тапсырды.
           «Моноқалалар мен монооблыстардың әкімдеріне шағын қалалардың экономикасын әртараптандыру бағытында нақты шараларды қолға алуды, келешегі бар инвестициялық жобалар әзірлеуді, негізгі кәсіпорындармен бірлескен серіктестік дағдарламаларын әзірлеп, жергілікті өнім өндірушілерді ұзақ мерзімдік тапсырыстармен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.
           Сонымен қатар, премьер әкімдерге «осы бағдарламаға бөлінген бюджет қаржысының дер кезінде игерілуін қамтамасыз ету қажеттігін» қадап айтты.
           Жалпы, «еліміз бойынша моноқалаларды дамыту бағдарламасы тым жақсы жүзеге асып жатыр» деді С.Ахметов.
           Үкімет жиынында Аймақтық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев моноқалалар тізіміне халқының жалпы саны 1,5 миллионнан асатын 27 қала енгізілгенін атап өтті.
           «2013 жылы осы іс-шараларға 18,8 млрд теңге бөлу көзделген. Қазір оның 10 миллиарды немесе қаралған қаржының 54 пайызы бөлінді», - деді вице-министр.
           Экономиканы әртараптандыру және орта, шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша моноқалалардың әкімшіліктері кем дегенде бір келешегі бар жобаны жүзеге асыруы тиіс.
           Барлығы 25 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, салынатын инвестиция көлемі 950 млрд теңгеден асатын 47 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
           «Бұл бағыттағы жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Мониторинг нәтижесіне сүйенсек, 27 моноқаланың 15-і ғана жоба әзірлеп жатыр. Құлсары, Ақсай, Қаратау, Жаңатас, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Шахтинск, Лисаковск, Жаңаөзен мен Курчатво сынды 12 қалада бұл жұмыс әлі күнге қолға алынбаған», - деді Қ.Өскенбаев.
           Вице-министрдің айтуынша, аталған қалаларда инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның 70 пайызға жуығының тозығы жеткен.

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 402
Фото - Caravan.kz

Премьер-министр Серік Ахметов моноқалалардың әкімдеріне аталған елді мекендердің экономикасын әртараптандыру бағытында нақты шараларды қолға алуды тапсырды.


           «Моноқалалар мен монооблыстардың әкімдеріне шағын қалалардың экономикасын әртараптандыру бағытында нақты шараларды қолға алуды, келешегі бар инвестициялық жобалар әзірлеуді, негізгі кәсіпорындармен бірлескен серіктестік дағдарламаларын әзірлеп, жергілікті өнім өндірушілерді ұзақ мерзімдік тапсырыстармен қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.
           Сонымен қатар, премьер әкімдерге «осы бағдарламаға бөлінген бюджет қаржысының дер кезінде игерілуін қамтамасыз ету қажеттігін» қадап айтты.
           Жалпы, «еліміз бойынша моноқалаларды дамыту бағдарламасы тым жақсы жүзеге асып жатыр» деді С.Ахметов.
           Үкімет жиынында Аймақтық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев моноқалалар тізіміне халқының жалпы саны 1,5 миллионнан асатын 27 қала енгізілгенін атап өтті.
           «2013 жылы осы іс-шараларға 18,8 млрд теңге бөлу көзделген. Қазір оның 10 миллиарды немесе қаралған қаржының 54 пайызы бөлінді», — деді вице-министр.
           Экономиканы әртараптандыру және орта, шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша моноқалалардың әкімшіліктері кем дегенде бір келешегі бар жобаны жүзеге асыруы тиіс.
           Барлығы 25 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, салынатын инвестиция көлемі 950 млрд теңгеден асатын 47 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
           «Бұл бағыттағы жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Мониторинг нәтижесіне сүйенсек, 27 моноқаланың 15-і ғана жоба әзірлеп жатыр. Құлсары, Ақсай, Қаратау, Жаңатас, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Шахтинск, Лисаковск, Жаңаөзен мен Курчатво сынды 12 қалада бұл жұмыс әлі күнге қолға алынбаған», — деді Қ.Өскенбаев.
           Вице-министрдің айтуынша, аталған қалаларда инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның 70 пайызға жуығының тозығы жеткен.