«Бірлескен отырыс 2-қыркүйекке белгіленген. Конституцияға сәйкес мен үкіметке сенім жүктеу мәселесі бойынша парламентке хат жолдаймын», — деді К. Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында. «Егер бізге сенім көрсетілсе, онда біздің алдымызға жаңа міндеттер қойылады және біз сол сенімнің үдесінен шыға білуге тиіспіз», — деді премьер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-тамыз, дүйсенбіде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламент сессиясын шақыру жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бірлескен отырыс 2-қыркүйеккке белгіленген.