Президент Астана әкімі мен жаңадан тағайындалған энергетика және минералды ресурстар министрін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Астана әкімі мен жаңадан тағайындалған  энергетика және минералды ресурстар министрін қабылдады

Президент Астана әкімі мен жаңадан тағайындалған энергетика және минералды ресурстар министрін қабылдады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 28-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Асқар Маминді және энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Тамыз 2007
  • 459
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана әкімі Асқар Мамин президентке Астана қаласының 2010-жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы әңгімелеп берді.

«Кездесу барысында қалада әлемдік стандарттар мен экономикалық өсімге сай келетін тіршілік қамтамасыздығы инфрақұрылымын қалыптастыру, Елордасының Қазақстан экономикасындағы интеграциялық ролін күшейту жайы егжей-тегжейлі талқыланды.
Қала әкімі сондай-ақ мемлекет басшысына Қазақстан Елордасының 10 жылдық мерейтойына дайындалуға байланысты жоспарланған шаралардан хабардар етті»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ал кеше энергетика және минералды ресурстар министрі болып тағайындалған Сауат Мыңбаев «Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» АҚ-ның ұлттық компаниялардың жұмыс тиімділігін көтеруге, әлемдік инвесторлар үшін Қазақстан экономикасының тартымдылығы мен ашықтығын арттыруға бағытталған іс-қызметі туралы есепті таныстырды.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа министрдің алдына энергетика және минералды ресурстар министрлігінің алдағы кезеңге арналған жұмысына қатысты нақты мақсат-міндеттер қойды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.