Президент барша қазақстандық ЖОО-лардың биылғы түлектерін құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент барша қазақстандық ЖОО-лардың биылғы түлектерін құттықтады

Президент барша қазақстандық ЖОО-лардың биылғы түлектерін құттықтады

Бүгін Назарбаев Университетінде алғашқы түлектерге диплом тапсыру салтанатты шарасына қатысу кезінде

  • 15 Маусым 2015
  • 556
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандық ЖОО-ларды биыл тәмамдаған түлектерді құттықтады.

«Осы күндері мыңдаған қазақстандық студенттер еліміздің университеттерінің дипломдарын алып жатыр. Мен осы мінберден еліміздің барлық түлектерін құттықтағым келеді. Бұл тұрғыда барша жас мамандарға өмірлерінде лайықты орындарын табуын тілеймін!» — деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы ЮНИСЕФ бағалауы бойынша Жастарды дамытудың жаһандық индексінде Қазақстан көшбасшы елдердің арасында 27-орынды иелене отырып, алғашқы отыздықтың арасында екенін, сондай-ақ бұл жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.

«Бүгін біз істеп жатқан жұмыстардың барлығы сіздер үшін,  болашағымыз үшін жасап жатырмыз. Индустрияландыру, «Нұрлы жол», зауыттар мен фабрикалардың, жолдар мен баспана, мектеп құрылыстарының барлығы сіздер үшін жүзеге асырылуда. Осының баршасы біздің қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында», — деді Президент

Айта кетейік, 2010 жылы Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған бұл оқу орны отандық білім берудің үздік үлгісі болып табылады. Биыл университетті 446 студент тәмамдап отыр. Таратылған мәліметтерге қарағанда, жалпы оқу орны ашылғаннан бері жеті мектептегі студенттер саны 2 800-ге дейін жетті. Жыл сайын 500 адам оқу грантына ие болуда. Магистранттар мен докторанттар да мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.


Айта кетейік, бүгін сонымен қатар Назарбаев Университетінің жаңа бес қабатты ғимараты ашылды. Бұл нысан елорданың Тұран көшесі бойында орналасқан.