Президент билік құрылымдарына түрлі ұлт өкілдерін тарту тетіктерін ойластыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент  билік құрылымдарына түрлі ұлт өкілдерін тарту тетіктерін ойластыруды ұсынады

Президент билік құрылымдарына түрлі ұлт өкілдерін тарту тетіктерін ойластыруды ұсынады

АСТАНА. 24-қазан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билік құрылымдарына түрлі ұлт өкілдерін тарту тетіктерін ойластыру қажет деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Қазан 2006
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Біз күрделі саяси реформаларға дайындалып жатырмыз. Осындай саяси өзгерістер барысында билік құрылымдарында, әсіресе, парламенттің қос палатасында түрлі ұлттық топтардың саяси өкілдері болу тетіктерін табу қажет»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті 12- сессиясында.

Қазақстан халықтарының ассамблеясы бұл органдарда өзіне тиесілі квотаға ие болуға тиіс, деді президент. Елбасының пікірінше, бұл тетікті заңмен бекіту қажет.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті