Президент "Болашақ" бағдарламасы бойынша ауыл жастарына арналған стипендия санын өсіруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент "Болашақ" бағдарламасы бойынша ауыл жастарына арналған стипендия санын өсіруді ұсынды

Президент "Болашақ" бағдарламасы бойынша ауыл жастарына арналған стипендия санын өсіруді ұсынды

Астана. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Президент "Болашақ" бағдарламасы бойынша ауыл жастарына арналған стипендия санын өсіруді ұсынды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бағдарлама стипендиаттарына арналған форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 1007
Фото - Caravan.kz

«Ауыл жастары үшін стипендия санын өсіру керек»,- деді мемлекет басшысы. Оның пайымдауынша, мұндай стипендиаттар үшін «аймақтарда бес жылдан кем емес уақыт жұмыс істеу міндетті шарт болуға тиіс.

«Негізінен оқып келген түлектердің барлығы Алматы мен Астанаға, ең болмағанда облыс қалаларына орналасады. Тек 115 адам ғана аймақтарда жұмыс істеуде, бұл жеткіліксіз»,- деп атап көрсетті ол.

Барлығы 15 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында 3850 қазақстандық шетелде білім алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті