«Жаңа міндеттер бағдарламаны одан әрі дамытуды талап етеді»,- деді Н. Назарбаев.
Оның пайымдауынша, бірінші кезекте «стипендиаттарды іріктеу жүйесінің барынша ашық болуын қамтамасыз ету» қажет. «Қоғам демократияға және ең бастысы бағдарламаның әділдігіне күмәнданбауы керек»,- деп атап көрсетті елбасы. «Жастардың әділ өтуі керек және де шенеуніктер мен министрлерді өз адамдарын тықпалағаны үшін жұмыстарынан әлсін-әлсін алуға тура келмейтін болуы керек»,- деп қосты ол. «Шетелде мамандар дайындау жөніндегі республикалық комиссия осы процестің барлығын бақылауға алуға тиіс. Білім және ғылым министрлігі оның нәтижесіне толық жауапты болуға тиіс»,- деп атап көрсетті президент.
Сонымен қатар Н. Назарбаевтың пайымдауынша, «бағдарламаға мемлекеттік жас қызметкерлердің, әсіресе аймақтардан келген мамандардың біліктілігін көтеру мүмкіндігін қамту керек».
Президент сондай-ақ халықаралық бағдарлама орталығының базасында әлемдік тілдер мектебін құруды ұсынды. «Бұл стипендия үміткерлерінің көп уақыты мен қаржысын үнемдеуге болатын жақсы ұсыныс»,- деп түсіндіріп өтті ол.
«Стипендиаттардың оқу кезінде қазақстандық ортадан алыс кетпеуі үшін олардың жазғы демалыстарында Қазақстанның мемлекеттік органдарында, ғылыми институттарында, ұлттық компанияларында біліктілік шыңдаудан өтуін қарастыру қажет»,- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті