Президент еліміздің оңтүстік аймақтарын аралайды
22-23-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің оңтүстік аймақтарын аралайды. |
KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 22-қазан, сәрсенбіде мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына келеді. Шымкентте Елбасы "Южполиметалл" ЖАҚ-да болып, осындағы жаңа Спорт сарайының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Сайрам ауданына ат басын тіреп, Өзбек театрының ашылуына қатысып, өлкедегі тарихи орындарды аралайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, президент облыс атқамінерлерімен кеңес өткізіп, онда 2003-2005-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі қаралмақшы.
23-қазанда Елбасы Жамбыл облысына барады. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев Амангелді газ конденсаты кенішіндегі магистралдық газ құбырының ашылуына қатысады. Сондай-ақ, презиент жер сілкінісінен зардап шеккен Құлан ауылындағы нысандарды аралап, Луговой ат зауытында болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін