Президент Назарбаев ҚХР төрағасының Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деген сенімде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Назарбаев ҚХР төрағасының Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деген сенімде

Президент Назарбаев ҚХР төрағасының Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деген сенімде

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.

  • 18 Тамыз 2007
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Мен Ху Цзиньтао мырзаның елімізге жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесін жоғары бағалаймын. Сапар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретіні даусыз», — деді президент.

Қазақстан мемлекет басшысы «келіссөздер барысында өзара гуманитарлық ынтымақтастық аясын кеңейту, қауіпсіздік мәселелері бойынша ықпалдастықты нығайту жөнінде уағдаластық жасалғанын» атап өтті. «Қауіпсіздік, сепаратизм, терроризм, есірткі саудасы сынды қазіргі заманғы қатерлерге қарсы күрес салалары бойынша біздің көзқарастарымыз ортақ, тиісті құрылымдар етене жақын ынтымақтасатын болады», — деді ол.

«Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси саладағы сенімділікті үздіксіз нығайта түсу қажеттігі, тату көршілік, достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастарды ұзақ мерзімді бекем негізде дамыту екі ел халқының ортақ мүддесіне сай келетіндігі және өңірдегі қауіпсіздік шараларына пайдалылығы тұрғысынан пікіріміз бір жерде тоқайласады», — деді өз кезегінде Қытай басшысы.

«Біз сауда-экономика, энергетика, гуманитарлық және басқа да салаларда өзара прагматикалық ынтымақтастықтарымыздың аясын кеңейтуге әзірлік таныттық. Бұл экономиканың шикізаттық емес секторындағы ынтымақтастықты кеңейтуге де қатысты», — деді Ху Цзиньтао. «Біз БҰҰ, ШЫҰ мен басқа да көп жақты форматтардағы ықпалдастығымыздың аясын кеңейтуге, барлық бағыттағы ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейтуге келістік, ондағы мақсат — өңірдегі тұрақтылық пен гүлденуге септігімізді тигізу», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті