Жарияланды: 60

Президент қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыруды тапсырды

Президент қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыруды тапсырды

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру керек. 

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Үкімет алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы керек. Ол халыққа, оның ішінде ауыл тұрғындарына барынша қолжетімді болуы тиіс. 3 жылда ауылдық елді мекендерде тиімді денсаулық сақтау жүйесін құру, барлық ауылдық елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету үшін көлік медицинасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау керек", - деді ол.

Оның айтынша, коронавирус пандемия эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог және тағы басқа медицина мамандарын даярлау маңызды екенін көрсеткен.

"Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің 10 жылға арналған болжамын жасауды тапсырамын. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар барлық медициналық ұйымды қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етуге, төсек қорын 50 пайызға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды жаңартуға, халықтың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Тоқаев.

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы пандемияны жеңу үшін 2 жыл керегін, еліміздегі өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуды, шенеуніктер санын қысқартуды, жер шетелдіктерге сатылмайтынын, жауапсыз несие беруді тоқтату керегін, мұғалімдердің жалақысы өсетінін, бала таба алмай жүрген отбасыларға көмек қалай көрсетілетінін, жемқорлықпен күрес қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін