Жарияланды: 740

Президент салтанатты ту көтеру арқылы Астана күнін тойлауға бастау берді (толықтырумен)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарабев ту көтеру салтанаты арқылы Астана күнін тойлауға бастау берді, деп агенттік тілшісі хабарлады.

«Туды салтанатты көтеру арқылы біз елорда күнін тойлауды бастадық. Бүгін салтанатты күн, және дәстүр бойынша біз оны әскери атақ пен әскери училище түлектеріне погондар берумен ұштастырамыз», - деді елбасы дүйсенбі күні ту көтеру салтанатында. «Сол арқылы (әскери атақ пен погон тапсыру – ҚазТАГ) біз жастарға үндеу тастаймыз – олар елорданың құрдастары. Біз мемлекет пен болашақты солар үшін құрып жатырмыз. Біз олардың қолына біздің еліміздің дамуына мүмкіндік беретін келісім мен тұрақтылықты сеніммен тапсырып отырмыз деп есетейміз», - деді президент. Одан басқа, ол курсанттарға погон мен атақ тапсыру арқылы «елімізді көзінің қарашығындай қорғау туралы аманат табыс етілетінін» атап көрсетті. Өз сөзінде ол сондай-ақ, бүгіндері Астана әлемге әйгілі болғанын атап өтті. «Бұл брент, бұл Қазақстанның қақпасы. Бұл еуразиялық құрылықтағы соңғы кездегі оқиғалардың барлығы шоғырланған қала», - деді ол. Елорда күнін Қазақстан 2008-ші жылдан бастап 6-шы шілдеде тойлап келеді. 2008-ші жылы «ҚР-дағы мерекелер туралы» заңға түзетулер қабылданды. Ол бойынша жаңа мереке – «Елорда күні» енгізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін