Президент сыйлығын қайтарғысы келмеген әйел өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент сыйлығын қайтарғысы келмеген әйел өзіне қол жұмсады

Президент сыйлығын қайтарғысы келмеген әйел өзіне қол жұмсады

42 жастағы әйелдің өмірін қасындағы көршілері әрең аман алып қалған. Ал келіншек өзіне қол жұмсауына Маргилан қаласы әкімшілігінің әрекеті себеп болды деп отыр. 

  • 15 Ақпан 2018
  • 304
Фото - Caravan.kz

Жергілікті шенеуніктер болса Дилором Мамировадан президент сыйға тартқан пәтер үшін жалдау құнын төлеуді талап еткен, деп хабарлайды Centralasian.org

Өзіне қол жұмсау әрекеті 12 ақпанда кешкі уақытта болды. Дилором Мамированың көршісі оқиғаны былай баяндайды.

"Көршіммен дәлізде карта ойнап отырдық. Ал Дилором темекі сататын. Мен темекі алмақ болып, есігін қақтым. Бірақ ол жауап бермеді. Есікті итеріп қалып едім, ашылып кетті. Дилоромды арқанда асылып тұрғанын көрдім, ол әлі тірі болды, қол-аяғы қимылдап тұрды. Мен жүгіріп, көмекке адамдарды шақырдым. Біз арқанды үзіп, оны құтқарып қалдық. Сосын жедел жәрдем шақырдық", — деді көршісі.

Дилоромның айтуынша, бір ай бұрын "президенттен сыйлық" деп қала әкімдігі аз қамтылған 88 отбасыға бұрынғы экономикалық колледж ғимаратының бөлмелерін бөліп бергенін. Ал бірнеше күн бұрын әкімдіктен адамдар келіп, бөлменің жалға алу құнын төлейсіңдер деп талап етіпті. Дилором Мамирова осыдан кейін қарсылық ретінде өзіме қол жұмсағым келді дейді.


"Олар маған егер үш ай тұрғаның үшін ақша төлемесең, бөлмеңді тартып аламыз деді. Мен еш жерде жұмыс істемеймін. Балаларым жоқ. Бұл сөздерді өте ауыр қабылдадым. Далада қалғанымша, өлгенім жақсы дедім. Олар бұл президенттің сыйлығы деп неге алдайды? Олар бізді алдады"- дейді Дилором Мамирова.

Соңғы жаңалықтар