Президент “Тассай” индустриалды аймағын аралап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.67
  • 592.46
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент “Тассай” индустриалды аймағын аралап көрді

Президент “Тассай” индустриалды аймағын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылғаны жөнінде баяндалды. 

  • 11 Сәуiр
  • 3
Фото - Caravan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылғаны жөнінде баяндалды. 

Сонымен қатар мұнда қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастады. 

Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және жиһаз өндірісінің өнімдері қойылған көрмемен танысты. 

Сондай-ақ, Президентке Aksa Enerji Üretim A.Ş компаниясының инвестициялық құны 350 миллиард теңге болатын бу-газ электр стансасының құрылысы туралы мәлімет берілді. 

Бұдан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД нарығына автотрансформаторлар, маймен істейтін күштік трансформаторлар мен реакторлар шығаратын Asia Trafo зауытының өндірістік желісін аралап көрді.