Президент үш министрді тікелей өзі тағайындайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент үш министрді тікелей өзі тағайындайтын болды

Президент үш министрді тікелей өзі тағайындайтын болды

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес, президент қорғаныс және сыртқы істер министрлерін ғана дербес тағайындай алатын еді. Бірақ заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында депут?

  • 6 Наурыз 2017
  • 727
Фото - Caravan.kz

Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес, президент қорғаныс және сыртқы істер министрлерін ғана дербес тағайындай алатын еді. Бірақ заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында депутаттар сондай-ақ президенттің ішкі істер министрін тағайындау өкілеттігін қалдыруды ұсынды.

“Ішкі істер министрлігінің азаматтардың, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі стратегиялық рөлін ескере отырып, 44-баптың үшінші тармақшасында ел президентінің ішкі істер министрін тағайындау жөніндегі өкілеттігін сақтап қалған жөн деп есептейміз”, — деді бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында заң жобасы бойынша комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров.


Бұл ретте, оның айтуынша, ел президентінің жоғарғы бас қолбасшы болып табылатыны, ал ішкі істер министрлігінің құрылымына ұлттық ұланның кіретіні де ескеріліп отыр.  Өзге министрлерді президент бұрынғыша парламенттің келісімімен тағайындайтын болады. Депутаттардың мақұлдауымен тағайындалатын министрлердің қатарына енді әділет министрі қосылып отыр.  Айта кетейік, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар конституцияға енгізілген түзетулерді қабылдады.

Соңғы жаңалықтар