Президент жарлығымен Қазақстанның Кувейттегі және Кубадағы елшілері тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент жарлығымен Қазақстанның Кувейттегі және Кубадағы елшілері тағайындалды

Президент жарлығымен Қазақстанның Кувейттегі және Кубадағы елшілері тағайындалды

АСТАНА. 17-мамыр. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Кувейттегі және Кубадағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Мамыр 2007
  • 417
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Бірғаным Сарықызы Әйтімова Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ал Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті