Президенттікке үміткер Қарақат Әбден өзіне жала жапқан блогерлерді сотқа бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден өзіне жала жапқан блогерлерді сотқа бермек

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден өзіне жала жапқан блогерлерді сотқа бермек

ҚР Президентіне үміткер Қарақат Әбден өзіне жала жапқан блогерлерді сотқа бермек.

  • 15 Қараша 2022
  • 56
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Соңғы кездері блогерлер маған тікелей қарсы шыға бастады. Әлеуметтік желілерді қарап отырып, қоғамдық пікір дұрыс емес деректерде қалай қалыптасатынын, кейде ашық жала жабуға (ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы) және қорлауға (ҚР ҚК 131-бабы) айналатынын көремін.
Бақытымызға орай, біздің еліміздің заңнамасы осындай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздейді және өзін толық қорғауға мүмкіндік береді. Мен оны жақын арада пайдалануды жоспарлап отырмын.
Сөз бостандығы мен басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаудың арасында айырмашылық бар.
Ал үлкен аудиторияға хабар тарататын адамдар мұны әрқашан есте ұстауы керек", — деп жазды Қарақат Әбден.

Соңғы жаңалықтар