Жарияланды: 390

Президенттікке үміткерлер қазірдің өзінде жарнамаға 6 млрд. доллар жұмсады - АҚШ

АҚШ президенті лауазымына үміткерлер Барак Обама мен Митт Ромни осы уақытқа дейін саяси жарнамаға 6 миллиард доллар жұмсаған.

Бұл көрсеткіш әлемнің 40 елінің жалпы ішкі өнімінен артық. Мұндай қомақты қаражат, тіпті, 2008 жылғы саяси дода кезінде де жұмсалмаған. Соңғы зерттеулерге қарағанда, сайлауалды науқаны басталғалы көгілдір экрандарда 951 мың президенттік хабарлама таратылыпты. Ал, кей сарапшылардың пікірінше, бұл жолы кандидаттар жарнамаға шығарған қаражаттың көлемі 8 миллиард долларға жетуі мүмкін. «Рейтер» агенттігі хабарлағандай, бұл тек радио мен телевизиялық жарнамаға жұмсалған ақша. Сондықтан, шын мәнінде, егер баспасөз беттеріне шығарылатын жарнаманы ескерсек, бұл көрсеткіштер бұдан әлдеқайда артық та болуы ғажап емес, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық телеарнасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін