Президенттің дұрыс шешімін - дұрыс, бұрыс жерін - бұрыс деп елдің алдында ашық айту - ол жағымпаздық емес - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттің дұрыс шешімін - дұрыс, бұрыс жерін - бұрыс деп елдің алдында ашық айту - ол жағымпаздық емес - Айгүл Орынбек

Президенттің дұрыс шешімін - дұрыс, бұрыс жерін - бұрыс деп елдің алдында ашық айту - ол жағымпаздық емес - Айгүл Орынбек

Айгүл Орынбек өзін сынаған хейтерлерге жауап берді.

  • 17 Наурыз 2022
  • 34003
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Президенттің Жолдауын халыққа жазып, бүге-шігесіне дейін түсіндіріп жатсаң, “жағымпазданып жатсың”, — дейді!

Елдің бәрі үйде теледидардың алдында отырмайды, әлеуметтік желіні түсінбейтіндер де бар, жасыратыны жоқ… қазіргі қоғамда күн көрістің қамымен көше кезіп жүргендер де жетерлік!

Ауыл аймақтарды аралап жүргенде біразын осы фейсбукқа тіркелуді үйреттім!

“Айгүл ханым, Президентіміз не деді? Елдегі ахуал не болады? Жақсы жағына өзгеріс болады ма өзі?”, — деп жазбаларымды күтіп отыратын оқырмандарым көп…

Иә, Президентті мақтау үшін емес, сонау ел арасы — ауыл-аймақта өзіме сенім артып, әр жазбамды асыға күтіп оқып отыратын Халық үшін жазамын! Сондықтан, бұл жазбаларым — мен үшін үлкен жауапкершілік!

Расында… Халықты саяси сауаттандыру — бәріміздің міндетіміз!

Әсіресе, Біз — қоғам белсенділері Елдің алдындағы жауапкершілікті жіті сезініп, басты орынға қоюды ұмытпауымыз керек!

Халықтың сауаты артып, көп білген сайын, жергілікті әкім-қаралар білгенін, ойларына келген “ойындары” мен заңсыздықтарын жасай алмайды!

Президенттің әрбір сөзін — халықтың құлағына жеткізсек, Халықтың да жергілікті билікке қояр талабы күшейеді!

Әкім-қаралардың жоғарыға өтірік есеп беретінін — баршаңыз білесіздер!

Халық мәселесін айтып, сан-саққа сабылып, шырылдап жатса да — тендерге байланған мәслихат депутаттары мыңқ етпейді. Бұл — отыз жылдық “жүгенсіз жүйенің” нәтижесі!

Елдегі мұндай “батпан былықтың” бәрін біліп, көзбен көріп отырып, тіпті Президенттің Жолдауына менсінбей… әр тапсырма-тұжырымын мазаққа айналдырғандарға — ашынып, осы жазбаны ашық жазғым келді!

Өзің жазбайсың ба, Халыққа түсінікті әрі жалпақ тілде жазып, жіліктеп жеткізіп отырған азаматтарға кедергі жасама!


Бұл Ел, Қазақстанымыз — тек Президентке емес, бәрімізге керек!

Сенсеңіз, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің артында ескерткішін қалдырып кеткісі келіп отырғаны шамалы-ақ, ол тіпті мадақ-мақтауды да қажет етпейді!

Әрине, арамызда “ескі жүйенің” көз-сынықтары бар, олар “ескі әуенге” сап — мақтайды да, жағымпазданады да! Бірақ, оның бәрін уақыт өте түсінеді!

Ал қазір бұрынғы одалардың айтылмауы үшін, бәріміз күресіп, жұмыла жол бермеуіміз керек!

Президенттің дұрыс шешімін — дұрыс, бұрыс жерін — бұрыс деп, оны Елдің алдында ашық айтып отыру — ол жағымпаздық емес!

Алайда, сын айту керек екен деп, жасалып жатқан ат төбеліндей ауқымды жұмыстарды жоққа шығару — бұл дұрыс емес! Қазір халықтың да — көзі ашық, көкірегі ояу! Ақ пен қараны ажырата алады…

Халықтың әлеуметтік желідегі көп үндеулері мен шағымдары Президенттің өзіне арналады!

Ендеше, Халықтың үнін естіп, соның өзекті деген біразын өз Жолдауына енгізіп, Халықтың сеніміне ие болу — үлкен жұмыс, зор мәртебе! Ал Елдегі жағдайды және Президенттің құзырлы және атқарушы органдарға жүктеп жатқан тапсырмаларын боямасыз әрі бүкпесіз атап өтіп, жеке көзқарас-пікірімді Елге жеткізу — менің азаматтық парызым. Азаматтық қоғам дегеніміз де осы!

Жаңа Қазақстанды — жалғыз Президент емес, оны Сіз бен Біз бірлесе құрамыз", — деп жазды Айгүл Орынбек.

Соңғы жаңалықтар