Прокуратура А.Гитлердің суретін басқан баспадан заңға қайшы әрекет тапқан жоқ - Ресей - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура А.Гитлердің суретін басқан баспадан заңға қайшы әрекет тапқан жоқ - Ресей

Прокуратура А.Гитлердің суретін басқан баспадан заңға қайшы әрекет тапқан жоқ - Ресей

Смоленск қаласы Промышленный ауданы прокуратурасы мектеп оқушыларының күнделігіне Адольф Гитлердің суретін басқан «Смоленск полиграфия комбинатының» әрекетінен заң қайшылық тапқан жоқ, деп хабарлады ВВС. 

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 452
Фото - Caravan.kz

Өткен аптада Екатеринбург БАҚ-тары әлемдегі танымал адамдар қатарында А.Гитлердің суреті мектеп оқушыларының күнделігіне басылғаны ата-аналардың ашуын туғызды деп, ақпарат таратқан болатын. Прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған қатысты РФ «Экстремистік әрекетке қарсы» федералды заң талаптарына қайшы келмегендігі тексерілді. Ал, баспаның PR қызметі Гитлер онда әлем тарихындағы жағымсыз кейіпкер ретінде таныстырылғанын мәлімдеген болатын.

Прокуратураның қорытындысы бойынша, күнделікте пиджак киген адам бейнеленген. Суретте фашистік атрибутиканы насихаттайтындай ешқандай белгілер жоқ.