«Протонның» қайта ұшырылуына Қазақстан ресми рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Протонның» қайта ұшырылуына Қазақстан ресми рұқсат берді

«Протонның» қайта ұшырылуына Қазақстан ресми рұқсат берді

Байқоңырдан «Протонның» қайта ұшырылуына «Қазғарыш» қарсы емес. Бүгін Қазақстан тарапы «Роскосмосқа» ресми рұқсат берді.

  • 26 Қыркүйек 2013
  • 358
Фото - Caravan.kz


Александр Лопатин, «Роскосмос» басшысының орынбасары: 

Комиссия мүшелері мен Қазақстан тарапынан 30-шы қыркүйекте «Протонды» ұшыруға рұқсат етулеріңізді сұраймын. Өйткені ертең күн шыға салысымен зымыран тасығышты ұшыру алаңына орнауымыз керек. Зерттеу жұмыстарының қорытындысына байланысты біздің мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдап қойған еді.

Көршілеріміздің бұл өтінішіне «Қазғарыш» пен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі де еш қарсылық білдірмей, бірден келісе кетті. Комиссия мүшелерінің айтуларынша, екі айдың ішінде Қызылорда облысындағы апаттың зардабы залалсыздандырылып, қазір топырақта улы гептилдің ізі де қалмапты. Яғни, келесі «Протонды» әуеге аттандыра беруге еш қауіп жоқ екен. Еліміздің бас экологы тек үш жыл бойы аймақта мониторинг жүргізілсін және қазан айының басында аймаққа келген шығынның нақты көлемін көрсетсеңіздер болды деп отыр. Ал ресми рұқсат алған Ресей зымыран тасығышын  күні ертең Байқоңырдағы ұшыру алаңына жеткізбек. Коммерциялық жоба болып саналатын әуе кемесі 30-шы қыркүйек күні көкке көтеріледі.