Психикалық бұзушылықтардан зардап шегетін азаматтар мәжбүрлі түрде емделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психикалық бұзушылықтардан зардап шегетін азаматтар мәжбүрлі түрде емделеді

Психикалық бұзушылықтардан зардап шегетін азаматтар мәжбүрлі түрде емделеді

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын өндіріске алды.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 440
Фото - Caravan.kz


Конвенция есі кіресілі-шығасылы күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған және оларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі бар адамдар қай елдің азаматы болса, сол мемлекетке мәжбүрлі емдеуден өткізуге беруге қатысты жағдайларды реттейді.
Елбасы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Конвенцияны іске асыру мәселелері бойынша құзыретті орган болып табылады.
«Конвенция ТМД елдерінің арасындағы психикалық бұзушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу үшін беруді көздейді. Заң жобасына 30 желтоқсанға дейін қорытынды әзірленеді», — дейді депутат Мәулен Әшімбаев.