Психоневрологиялық интернат дәрігерлері емделушілерін еңбекпен емдейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психоневрологиялық интернат дәрігерлері емделушілерін еңбекпен емдейтін болды

Психоневрологиялық интернат дәрігерлері емделушілерін еңбекпен емдейтін болды

Петропавл психоневрологиялық интернатының дәрігерлері өз пациенттерін еңбекпен де емдейтін болған. Ақыл-есі кем жандардың қолдарынан шыққан түрлі мүсіндер мекеме аумағына көрік беріп қана қоймай, емделушілерге әсемдікті тануға да мүмкіндік береді екен.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 225
Фото - Caravan.kz


Мүсіндердің барлығы қолда бар материалдардан құйылған. Мысалы, мына алып бүркіт керек болмай қалған кереуеттердің темірінен жасалыпты. Ал күлгін фламинго мен мына жылқылар кірпіштен, цементтен дайындалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жұмысқа — бейімі бар емделушілер ғана тартылады екен. Күнұзақ іштері пысып жататын пациенттер үшін бұл ермек қана емес, емдеудің арнайы түрі дейді мамандар.