Путин кеңесшісі: Ресей әлемдік интернеттен кетуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин кеңесшісі: Ресей әлемдік интернеттен кетуге дайын

Путин кеңесшісі: Ресей әлемдік интернеттен кетуге дайын

Ресей президенті мемлекетке Рунетті бақылауға алуды көздейтін "Байланыс жөніндегі" заңға өзгертулер енгізуді тапсырған.

  • 6 Наурыз 2018
  • 224
Фото - Caravan.kz

Ресей техникалық тұрғыдан әлемдік интернеттен кете алады, бірақ бұл процесс тиімсіз. Осылай деп Ресей президентінің интернетті дамыту жөніндегі кеңесшісі Герман Клименко НТВ телеканалына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Abai.kz. 

Ол қазір Ресей президентінің нұсқауы бойынша арнайы шенеуніктерге арналған интернет желісінің ресейлік сегменті жұмыс істейтінін айтты.

​Клименко бүкіл әлем интернетті реттеумен айналысып жатыр, мұны ішінде Ресей де бар дейді. Бірақ Путин кеңесшісі "солтүстік кореялық немесе кубалық секілді қысылтаяң әрекеттер жасамайтынын" атап өтті.

Ресей президенті мемлекетке Рунетті бақылауға алуды көздейтін "Байланыс жөніндегі" заңға өзгертулер енгізуді тапсырған.

Путиннің арнайы тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан "Сандық экономика" бағдарламасы жобасына сәйкес, 2024 жылы 95 пайыз трафик ресейлік желі арқылы өтуі тиіс. Сонымен бірге биыл Рунеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған арнайы жоба әзірленуі тиіс.


Оқи отырыңыз:

Атырауда ажал құшқан марқұмдардың денесі Оңтүстік Қазақстанға ұшақпен жеткізілді

Қазақ жастары Ресей университеттерінде тегін білім ала алады

Оқушыларын ҰБТ дайындық тестіне әкелген мұғалім қайтыс болды