Оқушыларын ҰБТ дайындық тестіне әкелген мұғалім қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушыларын ҰБТ дайындық тестіне әкелген мұғалім қайтыс болды

Оқушыларын ҰБТ дайындық тестіне әкелген мұғалім қайтыс болды

Жедел жәрдем келгенге дейін мұғалім көз жұмған.

  • 6 Наурыз 2018
  • 300
Фото - Caravan.kz

Орал қаласында № 32 мектептің бітірушілер сыныбының жетекшісі оқушылар алдында көз жұмды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға М. Өтемісов атындағы БҚМУ қабырғасында болған. Сынып жетекшісі оқушыларды ҰБТ-ға дайындық тестін тапсыруға Университетке ертіп келген екен. 

Мұғалім бейнесі қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды — сенатор

"Оқушылар аудиторияларға кірген, ал әйел дәлізде қалған. Шамамен 13:10-да әлсірей бастаған. Біз өз күшімізбен көмек көрсетпек болып, жедел жәрдем шақырдық. Алайда олар жедел болмай шықты, келгенше жарты сағат өтті. Дәрігерлер келісімен, әйелдің өлімін тіркеді. Түскі үзіліс болғандықтан, университет дәрігері түскі асқа кеткен болатын. Нақты диагнозын білмейміз, бірақ, әйел адамның қан қысымы жоғары болған екен", — дейді университеттегі ҰБТ орталығының өкілдері.

Облыстық денсаулық басқармасы оқиғаға қатысты кейінірек пікір білдіруге уәде берді. 


Оқи отырыңыз:

Қазақстандық мұғалімдерге пайызсыз несие берілуі мүмкін

Мұғалім бейнесі қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды — сенатор

Мұғалімдерді Қазақстандағы билік өкілдерімен теңестіру ұсынылды

Соңғы жаңалықтар