Путин – либералды саясаткер, Батыс онымен келіскені жөн, деп санайды Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин – либералды саясаткер, Батыс онымен келіскені жөн, деп санайды Назарбаев

Путин – либералды саясаткер, Батыс онымен келіскені жөн, деп санайды Назарбаев

 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путинді либералды саясаткер деп сипаттады, оны қоғамның басым бөлігі қолдайды, деп айтты.

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 755
Фото - Caravan.kz


"Ресейдің ішінде Путинге көрсетіліп отырған қолдау елеулі», деді ол Астанада жұмада Франция президенті Франсуа Олландпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.
"Батыста айтылып жатқандарға қарамастан, Путин бүгінгі күнде либералды саясаткер, ал Путиннен кейін ондағы ұлттық-патриотизм қандай сатыда болмақ, тіпті коммунистік реваншизм болады ма, оны ешкім де айта алмайды», деп санайды елбасы.
"Сол себепті бұл мәселені ауқымды түрде қарап, онымен келісуге мүмкіндік табу керек болар», деп мәлімдеді Н.Назарбаев.