Путин Лукашенко және Назарбаевпен Украинадағы жағдайды талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин Лукашенко және Назарбаевпен Украинадағы жағдайды талқылады

Путин Лукашенко және Назарбаевпен Украинадағы жағдайды талқылады

Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Беларусь Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенкомен телефон арқылы байланысып Украинадағы жағдайды талқылады. Бұл туралы бүгін Кремльдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 4 Наурыз 2014
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Орыс тілді халықтың, ең алдымен Қырым мен Шығыс аймақтарының өмірі мен мүдделеріне шынайы қауіп тудыратын Украинадағы жағдайдың шиеленісті өрбуі талқыланды», — делінген хабарламада.

«Қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісуі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдердің алаңдаушылығын туғызады», — делінген хабарламада.

Ресей, Беларусь, Қазақстан басшылары тығыз байланысты жалғастыруға келісті.