Путин мен Назарбаев Украинадағы жағдайды және Кеден одағын дамыту мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин мен Назарбаев Украинадағы жағдайды және Кеден одағын дамыту мәселелерін талқылады

Путин мен Назарбаев Украинадағы жағдайды және Кеден одағын дамыту мәселелерін талқылады

Душанбедегі ШЫҰ саммиті шеңберінде РФ президенті Владимир Путин мен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты кездесу өткізді.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 781
Фото - Caravan.kz

«Кездесу барысында екі ел арасындағы ағымдағы мәселелер, сондай-ақ, Еуразиялық ықпалдастық пен Кеден одағын дамыту жайы сөз болды. Сонымен қатар, президенттер Украинадағы ахуалға қатысты өзара пікір бөлісті», — деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Қазақстан басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстар сөз болды. Бүгінгі күні халықаралық деңгейде маңызы артып тұрған мәселелер де екі ел басшыларының назарынан тыс қалған жоқ.

Сонымен қатар, президенттер Кеден Одағына мүше мемлекеттер мен Украина басшысының және Еуропалық одақ өкілдерінің 26-тамыздағы кездесуінде бекітілген келісімдерді жүзеге асыру барысын да сөз етісті.