Жарияланды: 1600

Путин Назарбаевқа: Сізге алғысымыз зор

Путин Назарбаевқа: Сізге алғысымыз зор

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеясы үшін алғыс айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Сізді Ресейде, Петербургте көргенімізге қатты қуаныштымыз. Келгеніңізге рақмет. ЕАЭО-ны дамыту бойынша әріптестерімізбен жиналған кезде әрқашан бұл идеяның Сізге тиесілі екенін еске түсіретінімізді айта кету керек. Осы одақтың бастамашысы болғаныңыз үшін сізге алғысымыз зор", - деді Путин.

Ол пандемия жағдайында бүкіл әлемде өндіріс деңгейі төмендегенде, ЕАЭО шеңберінде бұрын пысықталған тетіктер мен құралдар тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты. Путин Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы да айтты. Оның айтуынша, өткен жылғы күрделі кезеңде экономика құлдырауына жол берілмеген (4 пайыз), ал биыл өсім 30 пайыздан асқан. "Бұл - бірлескен қызметіміздің өте маңызды нәтижесі", - деді Ресей президенті.

"Өз тарапымнан Сіздерді және бүкіл Қазақстанды келе жатқан мерекемен құттықтаймын", - деді Путин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін