Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркиямен арақатынаста арағайындық жасағаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы ria.ru хабарлады.
«Сіз Ресей мен Түркия қарым-қатынасын қалпына келтіруді еске салдыңыз. Арағайындық жасауға күш салғаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Көріп тұрғанымыздай, ол өз жемісін берді»,- деді Путин Сочидегі кездесуде.
Өз тарапынан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты реттеуге қуана көмектескенін, өйткені бұл мәселе Қазақстанға да әсер еткенін жеткізді.
Түркия тарапынан атып құлатылған ұшақ дағдарысынан кейін Ресей мен Түркия президенттерінің алғашқы кездесуі 9-тамызда Санкт-Петербургте өтті.