Путин "Қазақстан" телеарнасы басшысының Сирияға қатысты сұрағына жауап беріп, Астананың ықпалы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путин "Қазақстан" телеарнасы басшысының Сирияға қатысты сұрағына жауап беріп, Астананың ықпалы туралы айтты

Путин "Қазақстан" телеарнасы басшысының Сирияға қатысты сұрағына жауап беріп, Астананың ықпалы туралы айтты

Ресейдің Сочи қаласында "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХІV отырысы өткен болатын. Сол жиынның қорытынды сессиясында "Қазақстан" ұлттық телеарнасының басшысы, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин Ресей президенті Владимир Путинге сұрақ қойды.

  • 20 Қазан 2017
  • 2856
Фото - Caravan.kz

Сұрақ Сирияға қатысты Астана келісімі және аталған елдегі жалпы жағдай төңірегінде болды. Ал Путин өз жауабында бұл тұрғыда қазақтарға риза екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz

"Сирия мәселесі бойынша келіссөз алаңқайын бергені үшін Қазақстанға, президент Назарбаевқа рахмет айтқым келеді. Қазақстан жәй ғана жиналатын емес, өте ыңғайлы жер болып тұр. Қазақстанның ұстанымы бейтарап. Қазақстан өте қиын аймақтардың ішкі мәселесіне араласқан емес. Керісінше, беделімен ара ағайындық жасап отыр. Айта кетейін, президент Назарбаев тіпті текетіреске түскен тараптарды бір үстел басына жинай отырып, үлкен жауапкершілікті мойнына алды. Бұл өте дұрыс. Біз оған ризамыз.

Енді Астана келісімі қандай жағдайда дегенге келсек, ол оң бағыт алып келе жатыр. Түйткіл бар, әрине. Бірақ, жалпы алғанда, оң бағытта келе жатыр. Түркия мен Иранның, Сирия үкіметінің арқасында негізгі мәселені шештік. Қантөгісті тоқтаттық" деді Ресей президенті.

Айта кетейік, аталған клуб отырысына 33 елден 130 өкіл келген. Оған Владимир Путинмен бірге Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамит Карзай, Норвегия Нобель институтының ғылыми директоры Асле Тойе, Alibaba Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма қатысты. Бұл жиын "әлемдегі шиеленістерден кейін жаңа жағдай орнай ма?" деген тақырыпта өтті.


Соңғы жаңалықтар